A place where you need to follow for what happening in world cup

Бостандық алдындағы психологиялық дайындық

594

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде шаруашылық қызмет тобына қалдырылған сотталған азаматтарға мекеме психологтары бастамасымен бостандыққа шығу алдындағы психологиялық дайындық жүргізілуде. Олардың болып жатқан келеңсіз оқиғалардан ойларының алаңдауы, жағымсыз эмоциямен күрес, конфликтілік жағдайдың алдын алу және тағы да басқа психопрофилактикалық жұмыс, топтық тренингтер мен психокоррекциялык және күйзелістен арылу жаттығулары түзеу мекемесінде отырған азаматтарға эмоционалдық пайдасын тигізері анық.
Мекеменің психолог мамандары ретінде бүгін сотталғандармен «Өз-өзіне сенімділік» атты тренинг сабағының бастамасын, яғни таныстық презентациясын бастадық. Өзіне деген сенімділіктің аздығы, алға жетелеген армандар, отбасына деген сағыныш тағы да басқа сезімдер ұялаған азаматтарға, эмоционалдық динамикасын зерделеу арқылы, топтық жұмыс жүргізілді. Олар нақты ережелермен танысып, тренингтің басты мақсатын ұғынды. Түрлі дене жаттығулары мен психокоррекциялық жұмыстар арқылы бір біріне деген жақсы қарым-қатынас артып, жағымды эмоция қалыптасты. Сонымен қатар, сотталғандар өз ойларымен бөлісіп, шеринг жұмыстары жүргізілді. Тренинг сәтті, әрі жемісті аяқталды.

ЖД-158/1 мекемесінің инспектор-психологы әділет лейтенанты А.Е.Аташева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.