A place where you need to follow for what happening in world cup

Наурыз мерекесі тойланды!

293

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесiнде <<22-наурыз Ұлыстың Ұлы куні Әз Наурыз» мерекесіне орай мәдени спорттық iс-шара ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесiнде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi бөлiмшесiнiң қызметкерлері сотталғандармен ҚP IIM 13.08.2014 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу кағидасын бекіту туралы» № 508-бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

Осы жұмыстардың бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсiнiкті арттыру, сотталғандардың салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне карасты ЖД-158/1 мекемесiнде «22-наурыз. Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз» кунi мерекесіне орай арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi және әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің қызметкерлері мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандармен мәдени спорттық iс-шарасы өткiзiлдi.

Айта кетсек Наурыз-жаңа жыл тойы, көктем мерекесi, күн мен түннiң теңелу сәтi, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін, халықтардың ынтымақ күні мерекесiнде шаруашылық жасағына қалдырырлған сотталғандар дастархан жайып қазақтың ұлттық тағамдарымен дөңгелек үстел үстінде қазақтың аспаптарымен өлең айтып, айтысып және қазақтың ұлттық тағамдарын, салт- дәстүрлерін, ұлттық ойындарын айтып өтті.

Сонымен қатар сотталғандар екi топқа бөлiнiп, яғни қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту, қол курес және волейбол, турникке тартылу ойыныдарынан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Аталган iс-шараларға белсендi қатысқан және жарыста жеңiпаз тобының сотталған азаматтары мекеме бастығының құқығымен «Алғыс>> жарияланып марапатталды. Осылайша ЖД-158/1 мекемесiндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандары Наурыз мереке күндерін өкізуде.

М.Н. Мыркалиева

ЖД-158/1 мекемесінің Арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік-психологиялық бөлiмшесiнiң инспекторы әдiлет аға лейтенанты

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.