A place where you need to follow for what happening in world cup

Білімнің жаққан шырағын

220

Жақында Алматы қаласындағы «Үш қиян» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспаханасынан 650 беттен тұратын түрлі-түсті «Білімнің жаққан шырағын» деп аталатын Жамбыл облысы педагогтарының антологиясы жарыққа шықты. Аталған құнды кітапқа Тараз қаласы, Жамбыл политехникалық жоғары және Абай атындағы, Жамбыл гуманитарлық колледжі, облысымыздың 10 ауданындағы ардагер және алдыңғы қатарлы ұстаздар туралы жазылған.

       -Алты жүзден астам ұстаздардың суреті, өмірбаяны, қызметтері мен марапаттары қамтылған кітапты шығарудағы мақсат-жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге жолдама берген мұғалімдер мәртебесін арттыру,-дейді кітаптың идея авторы, құрастырушы, облыстық «Білім шырағы» газетінің бас редакторы, белгілі журналист Райхан Бостанова.

      Бес жүз данамен шыққан жинаққа біздің ауданымыздан аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев бастаған ең таңдаулы деген 46 озат және ардагер ұстаздар енген. Олардың алды өмірден өтіп кетсе, бейнетінің зейнетін көріп, өз шәкірттерінің жетістіктеріне қуанып жүргендері де аз емес. Мәселен кітапта мектеп директоры қызметін абыроймен атқарған И.Ақылбаев, Т.Іңкәрбеков, О.Кәдірімбетов, Ш.Мерекенов, С.Мейірқұлов, Б.Арғынбеков, Ж.Ахметова, Ш.Әміреқұлов, М.Хасенов, Ж.Кемелқұлов, Б.Бегалиев, К.Дәуренбеков, С.Әшірбеков, А.Қожымов, К.Байжарасова, М.Сейдалиев, Б.Сүйкімбеков, О.Сағымбеков, Е.Жұмабаев, Ғ.Асатовалар бар. Сондай-ақ кітапта бүгінде білім саласында еңбек етіп жүрген Ләззат Шормантаева, Сәулеш Дүйсеметова, Гульфайруз Байсеркеева, Мақсұт Омаров, Эльмира Кәрібаева тәрізді алдыңғы қатарлы ұстаздарға да орын берілген.

       Аталған кітаптың шығуына, кітапқа аудандағы өмірден өтіп кеткен алдыңғы толқын ата-апалармен бірге бүгінгі алдыңғы қатарлы ұстаздардың енуіне білім саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Мақсат Сейдалиевтің көп үлес қосқанын айта кеткен жөн.

       Алдағы мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында жарық көрген антология тек ұстаздар ғана емес көпшілікке арналған. Онда басқа аудандарға қарағанда біздің аудан ұстаздарына көп орын берілген. Бізде аталған кітаптың қысқаша мазмұнымен өз оқырмандарымызды таныстыра отырып, аудан мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Білімді де, тәрбиелі, озат та, алғыр шәкірттеріміз көп болсын, қадірлі ұстаздар!

Сүндетулла ӘБІЛОВ,

«Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.