A place where you need to follow for what happening in world cup

Үміткерлер – мінберде

163

Мойынқұм ауданының орталығында өткен аптада басталған «Nur Otan» партиясының партияішілік праймеризіне қатысушы үміткерлер арасында пікірсайыс (дебат) 23 қыркүйек күні – Бірлік, 25 қыркүйек күні – Шығанақ ауылында жалғасты. Бірліктегі «Желтоқсан» клубында өткен сайысқа қатысқан үміткерлер З.Мәуленова, Б.Серібаев, Қ.Хасенов, М.Алханов, А.Молдабаев, Н.Шиенов, Г.Манашева, Ш.Жашаралиндер сайлаушылар адында өздерінің бағдарламаларын қорғап, өз ойларын ортаға салды. Олар депутат болып сайланған жағдайда атқаратын қызметтерін көпшілікке таныстырды.

Дебаттың екінші кезеңінде өзара пікір бөлісіп, бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап алды.

Шығанақ ауылдық клубында өткен жария пікірсайысқа (дебатқа) депутаттыққа үміткерлер С.Ни, Н.Пернебаев, Т.Кәрібаева, Ж.Бұхарбаев, М.Мұсаев, Д.Нұрлыбекова, Қ.Мырзағалиева, Б.Бодаубековтер қатысты.

Дебат алдында оған жиналғандарға Nur Otan  партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы аталған пікір сайыстың мақсаты туралы айта келіп, үміткерлерге ақ жол тіледі. Партия мүшелерін аталған сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

Мұнда да үміткерлер жиналған әріптестеріне алдымен сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Олар негізінен ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, ауданда мүмкіндігінше әлеуметтік жағдайды көтеруге арналған ұсыныстар жасады. Бұл ретте аудандағы білім, денсаулық, мәдениет пен спорт, жастар тәрбиесіне басымдық  берілді. Олқылықтардың орнын толтырып, мәселелердің шешу жолдары жан-жақты айтылды.

Содан соң екінші кезең бойынша өзара сұрақ-жауапқа ауысты. Осы жерде сұрақтың басым бөлігі үміткер М.Мұсаевқа қойылды. Мұнда өндірістік аймақ пен аудан орталығына автобус қатынасын жүргізу, ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету, аудан орталығынан дарынды балаларды тәрбиелейтін мектеп-интернат ашу, аудандағы жастар тәрбиесіне байланысты қойылған сұрақтарға Мәден Тоқтарбайұлы нақты жауап берді.

Бір сөзбен айтқанда екі ауылдағы пікірсайыста да аудандағы өзекті мәселелерді шешудің жолдары, басқа да орынды мәселелер туралы айтылды.

 

Сүндетулла ӘБІЛОВ,

Мойынқұм ауданы

Суретті түсірген автор.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.