A place where you need to follow for what happening in world cup

Аламан айтыстың ауылдық кезеңі мәресіне жетті

246

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысының ауылдық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Ауылдық іріктеу кезеңінен өткен ақындар аудандық айтыста бақ сынайды.
Сонымен, Сарысу ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 11 ақын аудандық бәсекеге жолдама алды. Ал, Байзақ ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 6 ақын өтті. Жамбыл ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 10 ақын, Шу ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 14 ақын, Мойынқұм ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 5 ақын аудандық айтысқа өтті. Жуалы ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 5, Т.Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 13, Меркі ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 18, Қордай ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 8 және Талас ауданына қарасты ауылдық іріктеуден 14 ақын өтті.
«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысының ауылдық іріктеу кезеңінде бас-аяғы 104 ақын үздік деп танылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.