A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда 80-нен астам ашық люк анықталды

195

Жамбыл облысының ТЖД Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы «Жас Отан» жастар қанаты еріктілері және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдерімінің бірлесе отырып Тараз қаласы аумағында ашық тұрған люктерге және улы газ датчиктері құрылғыларының жағдайына мониторинг жүргізу бойынша «Қауіпсіз қала» атты акциясын ұйымдастырды.

Қазіргі таңда қала аумағында 80-нен астам ашық люктер туралы ақпарат жиналды. Акция қорытындысы бойынша тиісті органдарға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, қала аумағындағы «Шөлдала», «Құмшағал» және «Көлтоған» саяжайларында тұрғын үйлерде жергілікті бюджетінен бөлінген қаражатына орнатылған улы газ датчиктерінің жағдайына жергілікті атқарушы орган мамандары мен  Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің бақылауына алынды. Тараз қаласы аумағында қазіргі таңда 150 дана улы газ датчиктері орнатылған. Мониторинг жүргізу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өткізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.