A place where you need to follow for what happening in world cup

Адалдық алаңы жол сапасына үнемі жіті бақылау жүргізіп тұрады

156

Бұл туралы «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.
Жобалық кеңсе жетекшісі Назима Дәрменқызының айтуынша, жыл басынан бері 27 қоғамдық мониторинг жүргізіп, оның негізінде жол сапасының бұзылуына қатысты 47 кемшілік анықталып, оның 40 бойынша жол жабындылары қалыпқа келтірілсе, 7 бойынша тиісті жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал, қала тұрғындарымен жол жабындыларын бұзылуына жол бермеу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 15 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 200 мың теңгеден аса айыппұл салынған.
Одан бөлек, жол саласындағы уәкілетті органдармен жоба қызметкерлері бірігіп ауыр жүк тасымалдаушы көліктеріне күнделікті рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар ғана бақылауда емес, сондай-ақ, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында аудандағы тас жолдарға шығу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органмен тасымалдаушыларға 43 хаттама толтырылып 8 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.