A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисінің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарын қорытындылады

119

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисінің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарын қорытындылады.
Жобалық офис жетекшісі Назима Дәрменқызының айтуынша, Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, мемлекеттік органның бірінші басшылары, сондай-ақ, қала және аудан әкімдері тарапынан қоғам алдында барынша ашықтығын көрсету және азаматтармен кері байланыс орнату мақсатында, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде 14 қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, нәтижесінде 30 азамат қатысып, әлеуметтік желі арқылы 100 аса сұраққа жауап берілді. Оның ішінде нақты шешілген мәселелер де болды.
Мысалға келтіретін болсақ адалдық алаңында қабылдау барысында азамат О.Тоқбергеновтың Құмшағал ауылындағы көше жарығы туралы мәселесі қолға алынып, нәтижесінде жарықтандыру бойынша жаңа трансформатор қойылды.
Төтенше жағдай кезінде көмек сұраған осал топтағы отбасыларда «Ізгілік елшісі» жобасы аясында жобалық офисі 40 отбасын азық — түлікпен қамтамасыз етті.
Тараз қаласы О. Кашымов көшесінде орналасқан 25 үйдің тұрғындары жылдар бойы қол жетімсіз болған ауыз су мәселесіне шағымданған болатын. Тұрғындардың көтерген мәселесі ұзаққа созылмай қолға алынып су құбырларын ауыстырылды.
Тараз қаласы Арай алқабының тұрғындары былтыр салынған асфальт сапасына сенімсіздік білдірген болатын, «Адалдық алаңының» араласуымен Мердігермен кепілдік міндеттемелеріне сәйкес жол жабындылары қалыпқа келтірілді. Барлық жағдайлар бойынша тұрғындар алғыс айтуда.
Қазіргі таңда, «Жамбыл адалдық аланы» жобалық кеңсесі «WhatsApp» мессенджерінде көпқабатты үйлердің тұрғындары, әлеуеті осал топтар, мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан топтар құрып тұрғындар тарапынан туындаған мәселелерді бірден шешу тәжірибесі енгізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.