A place where you need to follow for what happening in world cup

9 айда атқарылған жұмыс ауқымды

100

«Антикор» орталығында «Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 9 айда атқарылған жұмыстары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Департамент басшысының бірінші орныбасары Р.Төлебаевтың айтуынша департамент 2020 жылдың 9 айында 8 мемлекеттік органдардың, оларға қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, оның қорытындылары бойынша 67 ұсыныс енгізген. (оның 29 орындалды, қалғаны орындалуда).
Мысалы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері мемлекеттік қызметті көрсетумен байланысты шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке немесе заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, Мекеме басшылығы тексеру нәтижесі бойынша енгізілген нұсқамалардың орындалуына тиісті бақылау жүргізбеген, оның орындалуы туралы ақпарат инспекторлардың өздерінде болады және оның орындалуы жүйелі түрде есепке алынбай келген.
Ал, «Рухани Жанғыру» жобалық кеңсесі қызметіне жүргізілген талдау нәтижесімен 6,6 млн. тг. қаржылық бұзушылықтар анықталған. Айта берсек, мұндай мысалдар аз емес.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.