A place where you need to follow for what happening in world cup

11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді

164

Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды.
Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады.
Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады.
Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай
ұйымдастырылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.