A place where you need to follow for what happening in world cup

Әкім есебі оң бағаланды

134

Өткен аптада аудандық мәслихаттың мәжіліс залында депутат Қайрат Хасеновтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті алпыс екінші сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімі М.Мұсаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Қалымбетов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты.

Сессияда  «Мойынқұм ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы» аудан әкімі Мәден Мұсаев есеп берді.

Ауданның биылғы жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімінің есебі аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде алдын ала жарияланған. Соған қарамастан аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы аудандағы өткен жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды сала-сала бойынша баяндады. Сондай-ақ  баяндамашы әр саладағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше тоқталды. Бұл ретте әсіресе аудандағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына басымдық берілді. Бұл бағдарлама бойынша ауданда 52 жоба жүзеге асырылып, олар бойынша 462 жұмыс орны ашылған. Бұл ретте аталған бағдарлама богйынша Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, басқа да бірнеше мектептерде 19 жоба мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына арналған. Сондай-ақ осы бағдарлама аясында 9 шағын футбол алаңының төртеуі пайдалануға берілсе, қалғандары да таяу күндері  жастарды қуанышқа бөлері анық.  Көшелерді жөндеп, асфальттау, су  жүйесін ауыстыру, орталық алаңды, дәрігерлік амбулатория ғимараттарын  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда ауыл шаруашылығында да өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда анағұрлым іргерілеушілік байқалады. Мал басы өссе, суармалы егістік көлемі артып отыр. Басқа да салалардағы қол жеткізген жетістіктер аз емес. Аудан басшысы жаңа оқу жылына дайындық барысында атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталуды да назардан тыс қалдырмады.

Сессияда сөз алған №5 сайлау округінің депутаты Шакизат Акимов ауданда атқарылып жатқан, игілікті істерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің есебіне оң баға берді. Сөйтіп, аудан орталығындағы «Ақиық» каналын тазалау,  екіі мәрте Еңбек Ері, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығын ерекше атап өту туралы ойын білдірді. Биыл ауылда ауыз суы да, арық суы да ретке келгеніне де ризашылық білдіре кетті. Ал №13 сайлау округінің депутаты Қанат Түйешиева Хантау ауылынан балабақша ашу, Мирный-Қияқты ауылдарындағы ауыз су жүйесін толықтай іске қосу қажеттігін айтты. Аудан басшысы М.Мұсаевтың есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.  Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиевте сөз алып, өз ұсыныс тілектерін  жеткізді.

Сессияда қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті алпыс үшінші сессиясының төрағасы болып, №11 сайлау округінің депутаты Абзал Сәлібеков сайланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.