A place where you need to follow for what happening in world cup

Қызыл судан қауіп төніп тұрған жоқ

516

Казгидромет орталығының мәліметі бойынша Жуалы ауданыңда жауын-шашын көлемі 8 милиметр, ал бұршақтың көлімі 17 милиметрге жеткен.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне 2020 жылдың 29 сәуірінде 21 сағат 17 минутта Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылы Оразбаев көшесі №97 үйдің ауласын су басып жатқаны туралы азамат Е.Сазынбековтан хабар түсті.
Аталған оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы Б. Данилов, Жамбыл облысы ТЖД бастығынын орынбасары М. Қосыбаев, Жуалы ауданы ТЖБ бастығы Е. Әміров, Жуалы ауданы №7 ӨСБ бастығы К. Абдраимов, Жуалы ауданының әкімі Н. Ергебеков, аудан әкімінің орынбасары А. Жабағы және бөлім қызметкерлерімен аралау жүргізу бойынша шаралар қабылданды.
Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде анықталғаны, Шақпақ ата ауылдық округі Алатау тау бөктерінде қатты жауын-шашын мөлшері көп түсуінен Т.Дүйсебайұлы ауылы шетіндегі егіс алқаптарын шайып, С.Нарбайұлы көшесі бойындағы 4 үйдің ауласына су кірген. Аудан әкімдігінен 2 адам, Жуалы ауданы ТЖБ бастығы Е. Әміров, Жуалы аудандық №7 ӨСБ бастығы К. Абдраимов, Шақпақ ауылдық округ әкімдігінен 6 адам жұмыс атқарды.
Шақпақ ата ауылы Оразбаев көшесі № 97 үйдің ауласына су жиналған. Шақпақ ауылдық округ әкімдігінен ерікті 5 адам жұмыс атқарды.
Қазіргі таңда ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Б.Момышұлы ауылы Рысбек Батыр көшесі бойындағы көпірге жауын-шашын суы көше бойындағы 1 үйдің ауласына кірген. Аудан әкімдігінен 2 адам, Жуалы ауданы ТЖБ бастығы Е. Әміров, Жуалы аудандық №7 ӨСБ бастығы К. Абдраимов, Б.Момышұлы ауылы әкімшілігінен 7 адам жұмыс атқарды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Б.Момышұлы ауылы Рысбек Батыр көшесі бойындағы темір жол астындағы су өткізу орны (Водопропускное сооружение) арқылы жауын-шашын суы жиналып, жол бойымен өтті. Б.Момышұлы ауылы әкімшілігінен 7 адам жұмыс атқарды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қарасаз ауылдық округі Ақбастау ауылы Береке көшесі бойынан жауын-шашын суы кірген. Аудан әкімдігінен 4 адам, Жуалы ауданы ТЖБ аға инженері Б. Мағыртай, Қарасаз ауылдық округіне әкімдігінен 14 адам және көше тұрғындарымен күшімен суды көше шетіндегі сайға бұрып жіберілді. Жағдай қалыпты.
Бүгінде «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының жобалық көлемі – 158,0 млн.м3, бөгеттің техникалық жағдайы бойынша рұқсат етілетін көлемі – 145,0 млн.м3 Бүгінгі таңда су көлемі 87 млн 657 м3, келіп жатқан су көлемі 6,0 м/с, кетіп жатқан су көлемі 5,0 м/с. 2019 жылы осы уақытта су көлемі 144 млн 258 м3, келіп жатқан су көлемі 25,6 м/с, кетіп жатқан су көлемі 33,6 м/с. Қауіп жоқ.
Жуалы ауданы ТЖБ-нен 4 қызметкер 1 автокөлік, аудандық ӨСБ 1 көмекші УАЗ автокөлігі 4 қызметкер, аудан әкімдігінен 4 автокөлік 40 адам жұмылдырылды.
Қалған барлық ауылдық округтер бойынша жағдай қалыпты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.