A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайдағы шектеу шаралары күнделікті бақылауда

134

Қордай ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында құрылған
құрамында аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, полиция бөлімі қызметкерлері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, кәсіпкерлік және ішкі саясат бөлімінің өкілдері бар мобильді топ мүшелері аудан орталығындағы әлеуметтік нысандар мен базарларда рейд жұмыстарын жүргізуде.
Рейд барысында мобильді топ мүшелері күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің қатаң сақталуына, жұмыс уақытының бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуіне бақылау жасауда. Рейд жұмыстарының нәтижесінде санитарлық талаптарды сақтамаған 4 кәсіпкерге қатаң ескертулер жасалып, хаттамалар толтырылды, сондай-ақ «Берекет» азық-түлік дүкені маңындағы бейберекет сауда жасап отырған кәсіпкерлер анықталып, құжаттары аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Баршамызға белгілі коронавирис инфекциясы салдарынан еліміздегі ахуал күн санап күрделенуде. Тиісінше карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған мобильді топ мүшелері күндізгі және түнгі рейд шарасын күделікті жалғастыруда.
Айта кетерлігі, аудандағы күнделікті кешкі рейд барысында сағат 20:00-ге дейін дәмханалар мен кафелер жабылатындықтары көңілге қуаныш сыйлауда.
Аталған топтың үздіксіз жұмыстарының нәтижесінде бүгінде аудан орталығындағы барлық сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындары карантин талаптарын толықтай сақтап,  шектеулі уақытта жұмыстарын тоқтатуда. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.