A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазыналы қарттарды құттықтады

109

Халықаралық қарттар күніне орай облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің ұжымы ардагерлерге сый-құрмет көрсетті. Мерекелік шарада құрмет демалысында жүрген зейнеткерлер атына игі лебіздер айтылып, ҚАЖ саласында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
Қарттарды құрметтеу кейінгі ұрпақтың парызы. Кезінде олар да жас болды, еліне еңбегін сіңірді. Ал бүгінгі бойынан күш-қуаты тайған шағында қамкөңіл жандардың көңілін аулай білу де — кісілік. Халықаралық қарттар күніне орай ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері үнсіз қалуды жөн санамапты. Құрмет демалысында жүрген зейнеткерлердің үйіне арнайы барып, атаулы мерекемен құттықтады.
Замандастарымен шер тарқатып шүйіркелесуге мүмкіндік туғанына Сергей Бабаян дән риза. Тыл ардагері қазір құрмет демалысында жүр. Көпті көрген көне көз қария ақыл-кеңестерімен бөлісіп, көпшілікке үлгі бола білді. Мерекелік шарада ҚАЖ қызметкерлері қарияға арнайы әкелген сый-сияпаттарын тарту етті. Өз кезегінде ізбасарларымен ашық-жарқын шүйіркелесіп, бір жасап қалған қария мекеме ұжымына алғысын білдірді.

Құндыз АХАШЕВА,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.