A place where you need to follow for what happening in world cup

Асыл қазыналарымыз ардақталды

129

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам¬дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе¬тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Қарттар күніне орай ЖД-158/4 мекемесінің қызметкерлері қарияларға тосынсый әзірледі. Тараз қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына арнайы барған ҚАЖ қызметкерлері қамкөңіл жандар үшін мерекелік дастархан жайып, арнайы кәдесыйларын табыс етті.
Жылы жүздесуде ата-апалар: «Жастармен жүздесіп, әңгіме дүкен құру арқылы бір серпіліп қалдық», — дейді өз әсерлерімен бөлісіп. Ал жастар жағы көне көз қариялардан бата алғанына қуанышты. Айта кетейік, бұл шара мекеме қызметкерлерінің үлкенге құрмет көрсету тұрғысындағы ауқымды жобаларының бір бөлігі ғана.

Әбдуғани Құдайқұлов,
ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.