A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлерінің сенімді көмекшілері

488

Пенитенциарлық мекемелерде психолог лауазымдары енгізілген 19 жылдың ішінде бұл мамандыққа деген сұраныс арта түскені белгілі. Себебі, түзеу мекемелерінде жазасын өтейтін сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысында осы мамандық иелерінің рөлі басым.

Мекеме психологтары сотталғандар арасында мыңдаған психологиялық портреттер мен қорытындылар, моральдық-психологиялық ахуал туралы анықтамалар дайындап қана қоймай, жеке құрам қызметкерлерін жұмысқа ынталандыру, шаршау синдромының алдын алу және олардың жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында түрлі тақырыптағы акциялардың өтуіне ықпал етеді.

Бүгін ҚР психологтар қауымдастығының шешіміне сәйкес 25 желтоқсан психолог күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жиын өтіп, онда департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев түзеу мекемелерінің психологтарын меншікті мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде бүгінгі күні Қылмыстық-атқару жүйесінде психологиялық қызмет дамудың даңғыл жолына түскенін және психологтар ҚАЖ қызметкерлерінің сенімді көмекшілері екенін атап өтті.

— Өңірлік департаментке қарасты түзеу мекемелерінің психологтары өздерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында облыстық және республикалық семинарларға қатысып, өз ісінің шын шеберлері екенін дәлелдеп келеді. Олар жұмыс барысында өздерін жоғары білімді маман ретінде мойындатып, аталған мамандықты бекер таңдамағандықтарын көрсете алды. Мұның бәрі өз кезегінде ҚАЖ комитетінің психологиялық қызметінің тарапынан көрсетілген қолдаудың және жүйелі жоспардың арқасында жүзеге асып отыр, — деген Еркін Үсенұлы жиналғандарды төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Жиын соңы сұранысқа ие мамандық өкілдерін марапаттаумен түйінделді. Атап айтқанда, ЖД-158/7 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімінің психологы Акфуза Тайтилеуоваға ҚАЖ Комитетінің грамотасы табыс етілсе, ЖД-158/1 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімінің психологы әділет аға лейтенанты Құндыз Ахашеваға алғыс жарияланды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.