A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда атқарылған жұмыстар брифингте баяндалды

1 432

Бүгін Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Гүлшат Оңланбекқызы мен Бақытхан Алимханов «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабында брифинг өткізіп, апта ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы толқынында желілік кестеге сәйкес, облыстық және Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың және сенімді өкілдердің қатысуымен 82 шара өткізілсе, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттардың қатысуымен 25 кездесу ұйымдастырылды. Бұдан бөлек штабтың кестесі аясында күнделікті онлайн және оффлайн режимде қоғамдық қабылдаулар өткізілуде. Бүгінге дейін осындай 20 қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы материалдар республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты жарық көруде.
Қазіргі таңда партияның Тараз қалалық сайлауалды штабы кандидаттар мен сенімді өкілдердің басын қоса отырып, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Тараз қаласында 11 округ бар екендігі ескеріле отырып, штаб мүшелерінен жасақталған 11 топ құрылды. Одан бөлек 167 ерікті жұмылдырылған.

 

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражаты есебәнен төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.