A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

440

Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өркендеп, дамып, қилы кезеңдерді бастан өткізіп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кесел. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, мекеме қызметкерлері, басқармаға қарасты спорт мемтептерінің басшылары мен орынбасарлары, әдіскерлер, жаттықтырушылар құрамы арасында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын насихаттау және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев  Равиль Қуанышбайұлы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық ағарту штабының жетекшісі Төлендиев  Қасымхан Естемесұлы қатысуымен кездесулер  ұйымдастырылды.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу ашықтығы бойынша «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөніндегі есептер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары енгізілген. Сонымен қатар басқарма бағынысындағы 18 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындардың бюджеттік  қызметін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кездесулер, онлайн форматтағы сұқбаттар және осы мақсаттағы іс-шаралар  басқармаға қарасты спорт мекемелерінің базасында ұйымдастырылған болатын. Атап айтатын болсақ Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығында, Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернат-коледжінде, №1,2,3,4,5,6,7 облыстық мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде, «Жамбыл» бокс клубында, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде, «Тараз-Арена» спорт сарайында, Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой  клубында және «Тараз» кәсіпқой футбол клубында ұйымдастырылды.

 Жоғарыда аталған іс-шараларға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев  Равиль Қуанышбайұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің жетекшісі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дзюдодан  XXXI олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметовтың алғашқы жаттықтырушысы Ахмет Жұмағұл,  қол күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виталий Трубин және каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асхат Косаков, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Битенова Үміт Қыранқызы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Әжібаев Айбек Итқараұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент жанынан құрылған ақпараттық ағартушылық штабының мүшесі Төленді Көпбергенов, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің төрағасы, департамент жанынан құрылған ақпараттық ағартушылық штабының мүшесі Нұрақбаев Ринат Даниярұлы сынды тұлғалар қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар-кеңестер өткізді.

Жалпы осындай  кездесулерді  жиі-жиі  өткізіп отыру,  бүгінгі күннің кезек  күттірмейтін  келелі мәселе.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.