A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

57

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесiнiң қызметкерлерi үнемi қайрымдылық жасауды ұмытпаған. Қайырым жасасаң, қайырын өзiң көресiң демекші, қайырымдылықтың түрi көп. Соның бірі «Қан доноры — өз қанын өзгеге ұсына отырып, өлiм ауызындағы адамдарға өмір сыйлау. Дегенмен екiнiң бiрi қан доноры болуға келісе қоймайды. Оған қорқыныш, сенiмсiздiк және денсаулық жағдайы себеп болуы мүмкiн. Соған қарамастан ЖД-158/1 мекемесінің 1 ауысым қызметкерлерi алтын уақыттарын бөлiп, қалалық қан орталығына барып арнайы денсаулығына байланысты мұқтаж жандарға арнап қан тапсырды. Бұл да бiр ерлік пен сауаптың бiрi, себебi донорлық қан көптеген адамның өмірін аман алып қала алады.

Жамбыл Әкімбаев,

ЖД-158/1 мекеме бастығының кезекшi көмекшiсiнің орынбасары, әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.