A place where you need to follow for what happening in world cup

Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

197

13 наурыз елім деп, қазағым деп, айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі , «Желтоқсан» көтерілісінің қаһарманы, жерлесіміз Қ.Рысқұлбековтың туылған күні. Батырдың туған ауылы Бірлік ауылында Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне Бірлік ауылдық округі әкімшілігі ұжымы және «Желтоқсан» мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. «Желтоқсан» мәдениет үйінде «Қайрат — халық батыры» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Бірлік ауылының әкімі Қ.Көпбаев: «Биыл Желтоқсан оқиғасына 34 жыл толып отыр. Осы оқиғаны ауызға алғанда, әуелі қайсар қазақ жастарымен бірге Қайрат ойымызға оралады. Қазақтың өжет ұлы биыл 54 жасқа толар еді. Жастығына қарамастан қайсар мінез танытқан ол бүгінгі ұрпаққа үлгі. Оның атын мәңгі есте сақтап, ерлігі мен өр мінезін ұлықтауымыз керек» -деді. Жиылған қауым Желтоқсан боздақтарын бір минут үнсіздікпен еске алды. «Қайрат — халықтың ұлы. Қайран елім деп қыршынынан қиылған қазақтың батыр ұлы Қ.Рысқұлбеков бүгінгі ұрпақты алға жетелейтін және патриоттық рухта тәрбиелейтін үлкен тұлғалардың бірі» — деді «Желтоқсан» мәдениет үйінің меңгерушісі Л.Бірімқұлова. Дөңгелек үстелге қатысушылар кезекпен сөз алып, батыр ұлдың ұлт тарихында қалған орны мен ел тәуелсіздігін алу жолында жасаған ерлігі жайлы әңгіме өрбітті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.