A place where you need to follow for what happening in world cup

Ғаламтордағы діни ағымдардан қорғау жұмыстары қарқынды жүруде

60

Қазіргідей ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға белгілі ақпарат тарату құралдарының кең тараған түрі ғаламтор желілері екені аян. Ғаламтор атаулының пайдалану үрдістері әртүрлі екені де баршаға мәлім. Өйткені бүгінгі жастардың санасы мен психологиясы һәм тұрмыс-тіршілігі ғаламтор әлемімен тығыз байланысты болатыны анық. Осы орайда отандық дін ғалымдары ғылым мен білім, тағылым жолында практикалық әдіспен мешіттерде, дәрісханаларда, медреселерде тағы басқа діни орындарда діни уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген кезде, радикалдық топтар ғаламтор желілерін бейресми пайдаланып, дәстүрлі емес, радикалды-экстремистік идеологияларын таратуға кірісті. Жастарымыздың басым бөлігі ғаламтор желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілініп, қолшоқпары болып кетіп жатқан кездері де аз емес.

Осыған орай, Жамбыл облысында 2020 жылдан бастап облыс әкімдігінің дін істері басқармасының бастамасымен «Аналитикалық интернет карта» бағдарламасы арқылы әлеуметтік желілердегі деструктивті діни топтарға тіркелген облыс тұрғындарын теріс топтардан шығару жұмыстары жүргізіліп келеді.

Нәтижесінде, өткен жылы 8 277 облыс тұрғынымен жеке кездесулер ұйымдастырылып, тыйым салынған экстремистік топтардан шығарылды. Сондай-ақ, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 453-бабына сай 1 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Кибербақылау» бағдарламасы арқылы интернет желілерінде 3253 күдікті сілтеме анықталып, оның 1050-і бұғатталды .

Басқарманың www.gov.kz/zhambyl-din, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігінің www.asyldin.kz сайттарының қызметтері, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі парақшалардың мүмкіндіктері арқылы қарсы насихаттық жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстарға «Контр» бағдарламасының мүмкіндіктері тұрақты қолданылуда.

Бұдан бөлек, өткен жылы Дін проблемаларын зерттеу орталығының жанынан ашылған «Студия» арқылы «Әулие-Ата» діни танымдық бағдарламасының 17 шығарылымы түсірілді. Облыстағы БАҚ құралдарында діни мәселелерде қарсы насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы газеттер редакциялары мен телеарналарда жұмыс атқаратын барлығы 18 тілшіден тұратын журналисттер пулы құрылып, газет беттерінде діни қызмет саласында материалдар жариялануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.