A place where you need to follow for what happening in world cup

Құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық шара өтуде

462

ҚР ІІМ-нің бастамасымен республика көлемінде 21-27 маусым аралығында «Шартты түрде» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу.

Профилактикалық шараға пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салалары жұмылдырылған. Шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрған 170 сотталған азамат тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілді. Іс-шара барысында 4 заң бұзушылық анықталып, 5 азаматтың құжаттары қалалық №2 сотқа жолданды.

Шолпан Акзымалиева,
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.