A place where you need to follow for what happening in world cup

“Кінәсіздік призумпциясы” тақырыбында семинар-тренинг өтті

667

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамымен, департаментке қарасты №67 мекемесінің акт залында “Кінәсіздік призумпциясы” тақырыбында семинар-теринг өтті. Жиынды департамент бастығы Жаныбек Жамалбекұлы ашып, аталған іс-шараға баяндамасымен «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры, заң ғылымдарының кандидаты Ибраева Анар Нурлыбаевна сөз сөйледі және Адам құқықтары жөніндегі Жамбыл облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы қатысты. Семинар барысында Анар Нурлыбаевна баяндамасында — Кінәсіздік презумпциясы қағидаты жалпыланған формулада тұжырымдалған, онда қылмыс жасады деп айыпталған адам оның кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденгенге дейін және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады. Принцип заңдылық, объективті ақиқат, тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы, жариялылық, күдіктілер мен айыпталушыларды қорғау құқығын қамтамасыз ету, сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы, судьялардың тәуелсіздігі және оларды тек заңға бағындыру, дәлелдемелерді еркін бағалау, іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану принциптерімен тығыз байланысты. Егер қылмыс жасалғанына нақты сенім болмаса, кінәсіз адамды азаптауға болмайды, өйткені заңға сәйкес, қылмыстары дәлелденбеген адам осындай болып саналады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 11-бабында: «қылмыс жасаған әрбір айыпталушы оны қорғауға қажетті барлық кепілдіктері бар ашық сот процесінде заңға сәйкес кінәсі дәлелденгенге дейін кінәсіз деп санауға құқылы»делінген-деп, жеке құрамға бейне сюжеттер ұсынды. Жиын соңы сұрақ жауаппен аяқталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.