A place where you need to follow for what happening in world cup

«Тарихы терең Таразым» атты респубикалық квест

1 760

   Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тараз қаласында Респубикалық «Тарихы терең Таразым» атты квест ойындары өткізілді.  Квестке еліміздің өңірлерінен және облыстың аудандарынан 10-нан аса командалар қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушы топтар құрамында талап бойынша жастар орталықтарының қызметкері, мемлекеттік қызметкер, мұғалім, волонтерлардан болуы қажет.

Квест барысында қатысушыларға тарихқа толы Тараз қаласы туралы сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді. Іс-шара барысында қатысушылар арнайы әзірленген көліктермен қаламыздағы тарихи ескерткіштерімен, түрленене түскен Тараздың көрікті жерлерін қатар аралап шықты.

Бұл квест ойыны барысында қатысушылар жылдамдықпен, шапшаңдықтан бөлек, ой жарыстырып, білімдерімен бәйгеге түсті. Қатысушыларға 10 нысан жасырынып берілді. Әр нысанда ұйымдастырушылар қатысушыға 5 сұрақпен тапсырма дайындап тұрды.

Бұл қызыққа толы командалық жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік кәдесыйлар табысталды. Ойын қорытындысы бойынша барлық кезеңдерде жинаған ұпайларының қосындысы бойынша Бас жүлдені Атырау облысының командасы иеленсе,   1-ші орында Түркістан облысы жайғасты, жүлделі 2-ші орынды Алматы облысының командасы иеленсе, 3-ші орынды Нұр-Сұлтан қаласы және Ақтөбе облысының командаларын өзара бөлісті.

Барлық жеңімпаздармен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.