A place where you need to follow for what happening in world cup

Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 200 мыңға жуық турист келген

27

eQonaq ақпарат жүйесінің мәліметтеріне сәйкес жыл басынан бері Қазақстанда шет елдерден 195 149 турист келген. Жүйе 2020 жылдың қарашасында қосылған және республикалық маңызы бар 3 қала мен 14 облыс орталығын қамтиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүйе туристер ағымына сараптама жүргізіп, миграциялық әрекеттерді бақылауға мүмкіндік береді.

Статистикаға сәйкес шетелдік туристер көптеп келген аймақтар келесідей:

– Алматы – 73 012;

– Нұр-Сұлтан – 44 859;

– Қызылорда облысы – 9 735;

– Маңғыстау облысы – 9 384.

Туристердің жалпы санының 67%-ы Ресей Федерациясынан, 16%-ы Өзбекстаннан, 6%-ы Түркиядан, 4%-ы Қытайдан, 7%-ы өзге мемлекеттерден келген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.