A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жазғы спартакиада» ұйымдастырылды

166
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде сотталғандар арасында спорттық іс-шара «Жазғы спартакиада» ұйымдастырылды.
Біздiң елде спорт пен денешынықтыру мәдениетiнiң берiк және ертедегi дәстүрлері кеңiнен қамтылған. Денешынықтыру мәдениеті өзіндік ұлттық тарихи дамудағы барлық жолдарын жоғалтпаған. Осыған орай мәдени спорттық іс-шараның басты мақсаты- мекемедегi сотталғандардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, сотталғандарды достық пен патриоттықа, ұлттық мадениетке шақыру, яғни сотталғандардың ой өрiсiн және енбекке деген құлшынысын дамыту болып табылады. Жамбыл облысы бойынша КАЖД ЖД 158/1 мекемесінде АКАТжӘЖ бөлiмшесінің қызметкерлерi шаруашылық қызмет көрсету жасағына қалдырылған және оқшауланған аймақтағы сотталғандар арасында, мекеме бастығымен бекiтiлген жоспарға сәйкес «Жазғы спартакиада» атты спорттық iс-шарасы өткiзiлдi. Спорттық iс-шаранының ашылу рәсiмi салтанатты түрде, яғни сотталғандардың сап көрiнісімен мемлекеттiк әнұранын орындау мен және ҚАК-ң 128 бабын түсiндiру арқылы басталып, спорттың барлық түрлерінен екі топқа бөлiне отырып жарыстар өткiзiлдi. Атап айтар болсақ бiлектiң мықтылығын сынайтын спорт түрi қол курестен жарыс, шахмат, шашки, турникке тартылудан және волейбол ойынынан екі командаға бөлiнiп сотталғандар жарыс көркiн қыздырды. Жоғарыда аталған спорт түрлерiнен турнир өтiп, сонымен қатар жарыс қорытындысымен үздiк нәтиже көрсеткен, яғни спорттық iс-шараға белсендiлiк танытқан және жарыста жеңiмпаз атанған сотталғандар мекеме бастығының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып аяқталды.
Әділхан Оразымбетов,
ЖД-158/1 мекемесі АКАТжӘПЖЖ бөлімшесінің бастығы, әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.