A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық студенттер қарияларға көмек көрсетуде

121

Волонтер жылына орай облыс колледждерінің студенттері қайырымдылық челленджін қолға алған болатын.
Өткен аптада Жамбыл медициналық жоғарғы колледжінің еріктілері «Март» сауда-орталығында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, эстафенаты Жамбыл Индустриалды Технологиялық колледжінің ерікті студенттеріне жолдаған.
Бүгін Жамбыл Индустриалды Технологиялық колледждің белсенділері эстафетаны жалғау мақсатында қала тұрғындарына тегін техникалық-тұрмыстық көмек көрсетуде.
Жастар әсіресе, зейнет жасындағы ата-әжелердің үйлеріндегі электр құрылғыларды жаңартып, отынын жарып, ауласын тазартып, бақшасын қалпына келтірді.
Тұрғындар колледж волонтерларына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Игі шара жастардың бойында мейірімділік, адамгершілік сезімдерін қалыптастырып қана қоймай, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын да арттырары сөзсіз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.