A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық оқушылар спорт жұлдыздарымен онлайн таңғы жаттығу жасады

310

«Жазғы демалыс — 2020» бағдарламасы аясында 12 тамыз күні білім басқармасының Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары спорт жұлдыздарымен кезекті онлайн таңғы жаттығу жасады.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдерге денсаулық баға жетпес байлық екенін түсіндіру және бос уақыттарын тиімді пайдалану.
Спорттық шара барысында Орта Азия чемпионы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Каратэ-до Шотаканнан Қазақстан Республикасының спорт шебері Айгуль Таймаганбетова оқушылармен қашықтықтан бірқатар жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өзіндік үлесін қосты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.