A place where you need to follow for what happening in world cup

Абай тағылымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі

187

Абай хакімнің бай мұра­сын, оның асқақ тұлғасын биік тұғырға шығару бір күн­ге байланып қалмайтыны белгілі. Дегенмен дербес күн белгі­леніп, Үкімет тарапынан қаулы қабылдануы қазақ бала­сы­ның тағы бір жаңа белеске көтерілгендігін көрсетеді.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде де бұл мерейлі күн де айтулы шаралар өтті. Әрине, өшкені жанып, өлгені тірілген қазақ ұлысының ұлықтар құндылықтары өте көп.

Шалыс басып тағдыры өзгеріске ұшыраған жандар үшін Абай мұрасы таптырмас қазына. Мекемедегі айыпталушылар мен сотталғандар бұл күні мекеме кітапханасындағы ұлы ақынның шығармаларын оқып, рухани байыды десе де болады.

Жалпы алғанда, еркін ойлы Алаш қайраткерлеріне қуат берген Абай, алапат атом жарылыстарының зардабымен күресте қалың еліне дем берген Абай, тәуелсіздік үшін күресте де, тәуелсіздік тұсында да жұртына бағыт-бағдар, қайрат-жігер берген Абай қазіргі індеттен арпалысып күйзелген халқын өз рухымен жебеп, жырымен емдейтін құдіретке ие.

Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің инспектор психологы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.