A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық өрендер республикалық байқауда топ жарды

175

27-29 қаңтар аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Конкурсқа Жамбыл облысынан ғылымға қызығушылық танытқан 35 оқушы қатысып, бақ сынады. Жас зерттеушілер байқауда өздерінің тың тақырыптарымен топ жарып, жүлделі орындарға ие болды.

Байқау нәтижесінде жүлделі І-орынға жамбылдық 4 оқушы лайық деп танылды. 14 оқушы ІІ-орынды жеңіп алса, ІІІ-орынды 12 оқушы иеленді. Сондай-ақ, 5 қатысушы Республикалық Ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.