A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

95

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болып Олжас Тұрғынұлы Көкей тағайындалды.

Олжас Тұрғынұлы Қазақстан Республикасының азаматы, 1968 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1992 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын «Малдәрігер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Талас аудандық малдәрігерлік лабораториясының малдәрігер-серологы болып бастаған. Әрі қарай, 1997-1999 жылдары Талас аудандық малдәрігерлік мекемесіның емдеу бөлімінің меңгерушісі, 1999-2000 жылдары Талас аудандық малдәрігерлік мекемесінде жұқпалы аурулар жөніндегі бастық орынбасары және бақылау бөлімінің бастығы, 2000-2001 жылдары ҚР АШМ Талас аудандық аумақтық басқармасы бастығы, 2001-2006 ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, 2006-2007 жылдары ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, 2007-2009 жылдары ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық  инспекциясы бастығының орынбасары, 2009-2010 ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық  инспекциясы бастығының орынбасары, 2011-2012 Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, азық-түлік мониторингі және ауыл аумақтарды дамыту бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Жамбыл облысы Байзак ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2012-2022 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Үйленген, 4 баласы бар.

gov.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.