A place where you need to follow for what happening in world cup

Елімізде цифрлық таңбаланбаған темекі өнімдерінің айналымына тыйым салынды

52

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде цифрлық таңбаланбаған темекі өнімдері үшін айыппұл салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай акциздік маркалардың күшін жоюға байланысты 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдерін тек сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүргізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың 283-бабына «акциздік таңбалар» терминін «сәйкестендіру құралдары» деген сөзбен ауыстыру туралы өзгертулер енгізілді. Бұл өзгерістер 2022 жылғы 13 шілдеде күшіне енген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын темекі өнімдері түрлерінің нақты тізбесі бекітілді. Осы заңнамаға сәйкес темекi айналымы цифрлық таңбалау болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Сондай-ақ, енді темекі өнімдерінің барлық түрлерінде цифрлық таңбалау болмағаны үшін мемлекеттік кірістер органдары темекі бұйымдарын тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартатынын еске салды.

Жалпы, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына өткізу мақсатында заңсыз әкелінген 22,5 миллион қорап темекі өнімдері анықталып, тәркіленген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.