A place where you need to follow for what happening in world cup

Жайдардың жасаған жақсылығы

112

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев ертелеп жұмысқа бара жатып, аудан орталығындағы «Абылайхан» алаңында жаяу жүргіншілер жолының жиегінде талып жатқан қызды байқап қалып, өлім аузынан құтқарды. Ол қызды көрген бетте бірден көлігін тежеп, ауырған қызға қарай көмек беру үшін жүгіре жөнеледі. Көп ұзамай, алаңға жақын маңдағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің қызметкерлері мен медбикесі Гүлнұр Үсібәлиева да жетіп, зардап шегушіні дер кезінде жасалған медициналық көмектің арқасында аман алып қалды. Әр секундтың өте құнды екенін түсінген олар тұншығып, дем жүрмей жатқан қыздың тілін сыртқа тартып, тыныс жолдарын ашқан.  Көп ұзамай жедел жәрдем қызметкерлері де келіп, ауырған қызды ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда Бірлік ауылының тұрғыны Гүлнұр Маратқызының жағдайы жақсы, орталық ауруханада ем қабылдауда.

Міне осылайша құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында айналасына қашанда бей-жай қарамайтын Ж.Жазықбаев  Гүлнұрды өлім аузынан арашалап, оған жаңа өмір сыйлады.

 

А.ГАУҺАРБАЙҚЫЗЫ,

Мойынқұм ауылы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.