A place where you need to follow for what happening in world cup

Ырзығын егіннен тапқан Алмабек

121

Облыс орталығынан шалғай орналасқан Мойынқұм ауданы малға жайлы өлке. Сондай-ақ онда бабын тапса егін егіп те мол өнімге кенелуге болады. Осыны ескерген аудан әкімі Мәден Мұсаев аймақта егіншілік жолын мықтап қолға алып, шаруаларға қолдау да білдірген-ді. Осындай қолдауды айқын сезінген шаруалар қолдарына кетпендерін алып егін алқаптарынан табылып жүгері егіп мол өнім алғаны баршамызға мәлім.  Ауданда осылайша жүгері егіп, мол өнім алған шаруашылық иелерінің бірі «Байбарақ-Агро»  кооперативінің жетекшісі Алмабек Әбдіқалықов. Ол жүгері егуден бөлек өз жерін ұлғайтып жоңышқа, арпа, тарыға де баса мән беріп, тірлігін тіктеп отыр.

Кооператив жетекшісі өткен жылы 25 гектар жерге жүгерінің «Қаз Будан» (круглы) сортын егіп, гектарына 8,5 тоннадан өнім алған. Ал биыл 35 гектар жерге «Каз Буданнын» (плоски) сортын егіп, қазіргі таңда бітік жүгеріні шабу үстінде. Сонымен қатар коператив 25 гектар жерге жоңышқа егіпті. Сондай-ақ А. Әбдіқалықов 8 гектар жерге тары сеуіп қойғанын да айтып қалды. Коопертив 1 трактор,1 сейлкамен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кооператвтің техникалары өзгеде шаруалардың жүгерілерін шауып жатыр.

Жалпы ағымдағы жылы аталған аудан бойынша 5408 гектар суармалы алқап игерілген. Оның ішінде Бірлік ауылы бойынша 1445 гектар, Қызылтал ауылдық округі бойынша 1190 гектар суармалы алқап. Негізінен аса басымдық беріп отырған ауылшаруашылық дақылдары дәндік жүгері (1325 га), тары (420 га), арпа (250 га), жаңа жоңышқа (545га), бақша (408 га), картоп (101га) және көкөніс (196 га) өнімдері. Бүгінгі таңда 35 гектар жер жиналып, гектарына 10 тоннадан өнім алуда. Сондай-ақ 2019 жылмен салыстырғанда 334 гектар суармалы жер ұлғайтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.