A place where you need to follow for what happening in world cup

Тоғызкенттегі тіршілікпен танысты

190

Тоғызкент ауылдық округіндегі іссапары барысында аудан басшысы Бақытжан Жақсылықов және аудандық маслихат хатшысы Сағымбек Бегеев аймақта орналасқан 2 білім беру, 1 денсаулық сақтау, 2 мәдениет және 1 спорт мектебі,1 балабақша нысандарды аралап, ахуалымен танысты.
Сондай-ақ, бюджет қаражаты есебінен атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарды да көріп, нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, асар тәсілімен бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысын көріп, иесімен тілдесіп, ауылдық округ әкіміне тиісті көмекті дер кезінде беріп отыруды міндеттеді.
Іс сапар қорытындысымен тиісті спорт мектебінің жанынан спорт зал соғу үшін ЖСҚ әзірлеуге, Майлыкөл ауылының Орталық көшесін жарықтандыруды, ауылдық клуб үйінің жылыту қазандығын күрделі жөндеуден өткізу үшін аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне ұсыныс беру туралы тапсырма берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.