A place where you need to follow for what happening in world cup

Б. Жақсылықов Досболға жұмыс сапарымен барды

126

Сарысу аудан әкімінің кезекті жұмыс сапары Досбол ауылдық округінде жалғасты.
Аудан басшысы Бақытжан Жақсылықов пен аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев ауылдық округке қарасты 3 білім беру, 3 мәдениет, 3 денсаулық сақтау, 1 «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабының жай-күйімен танысты.
Жұмыс сапары қортындысымен Досбол орта мектебіне газ кіргізу мәселесін қолға алу, Шағалалы ауылдық медициналық пунктіне құдық қазып беру, Досбол ауылдық клубының жылыту қазандығын жеделдетіп ауыстыру туралы тиісті мекемелерге тапсырма берді.
Үлкен Көкдала ауылындағы мектеп, кітапхана және медициналық пунктке жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарынан бірқатар кемшіліктер айтып мердігерге тез арада қалпына келтіру жөнінде ескертті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.