A place where you need to follow for what happening in world cup

Түркістан ауылдық округінде болды

126

Аудан әкімінің кезекті жұмыс сапары Түркістан ауылдық округінде жалғасты.
Аудан басшысы Бақытжан Жақсылықов және аудандық маслихат хатшысы Сағымбек Бегеев аймақта орналасқан 3 білім беру, 3 денсаулық сақтау, 3 мәдениет және 2 ауыз сумен қамту нысандарының жай-күйімен танысты.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде және бюджет қаражаты есебінен атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысын да назардан тыс қалдырмады.
Сонымен қатар, асар тәсілімен бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысын көріп, иесімен тілдесіп, ауылдық округ әкіміне тиісті көмекті дер кезінде беріп отыруды міндеттеді.
Іссапар қорытындысымен тиісті тапсырма беріп, орындалуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.