A place where you need to follow for what happening in world cup

Тарихи суреттер сақтаулы

46 659

Жақында ғана Шу қаласының тұрғыны  Бейсен Әбішевпен кездейсоқ жолығып қалғаным. Әңгіме барысында ертеректе аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатында көп жылдар қызмет істеп, суретке түсіру кәсібімен  айналысқанын тілге тиек етті. Әлі де жанына етене жақын сол өнерді ұнататындығын жасырмады. Өзі туып-өскен Шу ауданындағы байырғы  ғимараттарды жастайынан, яғни ес білгеннен бері суретке түсіріп қана қоймай, көпшілігін көзінің қарашығындай сақтапты.

Мені ерекше қызықтырғаны 1929 жылғы қаз қалпындағы  Шу теміржол вокзалының суреті болды. Шу ауданының 90 жылдығы қарсаңына орай  құрметті еңбек демалысындағы Бейсен Бозайұлының мұрағатындағы  шежірелі суреттері ауданымыздың айнасы — «Шу өңірі» бетінде  жұртшылыққа жарияланып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

Әсіресе, бұл ұлағатты шара жастарымызға оң әсер етсе туып-өскен атамекенді қадірлеп, әрі оларды отансүйгішті  ұлтжандылыққа тәрбиелеуге де даңғыл жол ашқан болар ма едік.

Мәкен Уақтегі,

Әлем халықтары Жазушылары одағының мүшесі, өлкетанушы.

Суреттерде: 1929 жылғы  Шу стансасының теміржол вокзалы;

көне әрі аса құнды  суретті сақтаған Б.Әбішев.  

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.