A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі артты

334

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы Заңымен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оның ішінде, өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптік жауапкершілігі, саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасы мәселелері қаралды.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 44-бабының 2-тармағына сәйкес бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау да тәртіптік теріс қылықтар деп танылады.

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаса отставкаға өтініш береді:

1) орталық мемлекеттік органның басшысы — өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың әкімі- өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі;

3) орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары- өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы;

4) облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімінің орынбасары- өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы;

5) әкім (аудан әкімдері) — өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі;

Аталған Заңның 60-бабы 3-1-тармақпен толықтырылған, яғни мемлекеттік саяси қызметшілер, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайларда отставкаға өтініш береді. Осы ретте, бағынысты қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанға дейін саяси қызметшінің тиісті лауазымға тағайындалған күннен бастап 3 ай мерзімнің өтуі отставкаға өтініш берудің міндетті шарты болып табылады.

Отставка туралы өтініш саяси қызметшіні тағайындауға құқылы лауазымды тұлғаға соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен не қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде беріледі.

Саяси қызметшіні тағайындауға құқылы лауазымды тұлға отставка туралы өтініш бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1)      отставканы қабылдайды;

2)      отставкадан бас тартады;

3)      тәртіптік жазаға тарта отырып, отставкадан бас тартады.

Сонымен қатар отставкаға кету немесе тәртіптік жауапкершілікті қарау мәселесі 2019 жылдың 10 желтоқсанынан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкерлердің басшыларына және саяси қызметкерлерге қолданылады.

Л.Есмамбетова,

Шу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы,

әдеп жөніндегі уәкіл.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.