A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразым тарих ақ таңым, ежелден елдің мақтаны

1 916

 «Торғай екеш торғай да, өз ұясын қорғайды» демекші, расымен де туған жерге деген ыстық сезім жалпы адамзаттық, адамгершілік қасиеттерге жатады. Сол үшінде келешек патриот жастардың жүрегіне Отанға, туған жерге, еліне деген сезімді арттыру, сүйіспеншілігін ояту отбасы және білім беру орындарына байланысты болып табылады.

Осыған орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультетіне қарасты «Химия және химиялық технология» кафедрасы Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызының ұйымдастыруымен «Таразым тарих ақ таңым, ежелден елдің мақтаны» тақырыбында ашық кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты студент жастардың бойына Отанға, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін оятып, адамгершілік, сыйластық, сияқты ізгі қаситеттерді қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні зор іс-шараға «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., профессор Б.Қ. Масалимова, кафедраның профессор оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Шара барысында 2 курс студенттері Ақназ Тоқмаханбет, Диана Бахтиярқызы, Алина Қалибекова, Мадина Хабидуллақызы, Айым Тажикулова, Нұрсұлтан Хусанов, Саябай Аяжан, Сатай Аружан және Нұрсұлтан Төребек киелі Тараз тарихына кеңінен тоқталып, тақырып төңірегінде баяндама, көркем сөздер оқып, аңыз әңгімелер мен тарихи ескерткіштер, Тараздың жеті кереметі туралы сыр шертті. Сонымен қатар, Аяулым Мейрамбек пен Маржан Уринбасаровалар туған жер тақырыбында әннен шашу шашты.

Шара соңында арнайы дайындалған тарихи сырға толы мәнді бейнефильм қатысушылар назарына ұсынылды. Рухани азық боларлық ақпараттарға толы іс-шара жоғары деңгейде және мазмұнды өтті.

Мамешова Саят Әлішеріқызы

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

аға оқытушысы, магистр

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.