A place where you need to follow for what happening in world cup

Талаптар сақталуы қажет

143

Коронавирус індеті әлемді қармап, адамзатқа қауіп төндіре бастаған шақтан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты бірлікке, сабырлылыққа шақырып, төтенше жағдайдың алдын алуды ұйымдастырды. Осыған орай Мемлекет басшысы күні кеше жариялаған үндеуінде халықтың әл-ауқатын төмендетпеу, шағын және орта бизнесті жетілдіру, басқа да толып жатқан шараларды жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Әсіресе, ол азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауына жол бермеуді, алып-сату фактілерінің алдын алуды, сондай-ақ тұрақтандыру қорын толықтыруды үнемі айтып келеді.

Осы мақсатта, яғни, Жамбыл облысында қауіпті аурудың алдын алу бойынша жарияланған карантин режиміне байланысты сенбі күні өңірімізге келген облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевпен, аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиевпен, Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбековпен және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетовпен бірге блокпосттарға барып, барлық жағдайды көріп қайтты. Нақтырақ айтқанда, карантинге жабылған Тараз қаласына кіріп-шығатын жолдардағы посттарда тұрған мамандардың жұмыс тәртібін бақылаған Нұржан Сәбитұлы жолаушыларды бекеттен өткізу барысындағы талаптардың қатаң сақталуын ескерді.

Жұмыс тобы Гродеково, Жалпақтөбе, Айшабибі ауылдарындағы ірі сауда үйлері мен дүкендерді аралап, ондағы азық-түліктердің бағасына аса мән берді. Дүкен иелеріне халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің, яғни, бірінші сортты бидай ұны, бөлке нан, өлшеніп салынатын макарон, қарақұмық, күріш, сиыр еті, бірінші санатты тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы, ас тұзының бағасын шекті бағадан асырмау керектігін, қымбат сату орын алған жағдайда айыппұл арқалайтынын сөз етті.

Ал, ұзынсонар болып «Қазпошта» бөлімшелері маңына жиналған жергілікті жұртты көрген жұмыс тобы мекеме қызметкерлеріне барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауды ескертті.

Сонымен қатар дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік пункттерде болған Нұржан Сәбитұлы мекемелердің жеке қорғаныс және антисептик құралдарымен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді.

Мақсат Жұмабаев

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.