A place where you need to follow for what happening in world cup

Көктемгі дала жұмыстары жоспарлы жүруде

145

Шу ауданында коронавирустық инфекциялардың алдын алуға бағытталған шектеулі шаралар қабылдануына қарамастан, көктемгі дала жұмыстары жоспарлы түрде қызу жүргізілуде.

2020 жылдың өніміне ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 111 420 гектарға орналастырылады. Атап айтқанда, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 41 500 гектар, майлы дақылдар 8 530 гектар, қант қызылшасы 602 гектар, картоп 1280 гектар, көкөніс-бақша дақылдары 21350 гектар және, мал азығы дақылдары 38 158 гектар.Және 23 792 гектар жерге пар айдалып, барлығы 135 212 егістік жер 100 пайыз игерілетін болады. 2020 жылдың өніміне  күздік бидай 14 900 гектарға орналастырылды.

Аудан бойынша 3104 ауыл шаруашылығы техникалары толығымен дайындалып, көктемгі дала жұмыстарына қатысуда. Көктемгі дала жұмыстарына 2 180 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген.

Бүгінге күнге операторлар белгіленіп ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 160 теңгеден таратуда. Жалпы жаздық дақылдарға  6719  тонна (жоспар 6719 тн.) тұқым дайындалды.

13 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарланған 111420 гектар жаздық егістіктің 81 487 мың гектары егілді, немесе 73,1%-ды құрап отыр. Жаздық масақты дәнді дақылдар 25100 га (100% орындалды), көп жылдық шөп 5300 га (100%), көкөніс дақылдары 4730  га (38,4%), майлы дақылдар 8530 га (7,3%), қант қызылшасы 33 га (5,4%), бақша дақылдары 974 га (10,7%), картоп 270 га (21,0%), дәндік жүгері 105 га (7,0%) және бір жылдық шөптер 11 150 га (77,1%) егілді).

Ағымдағы жылы 3170 тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштар ендіріледі. Бүгінгі күнге 954,8 тоннаға 60 АШТӨ келісім шартақа отырып, алғаны 294 тн.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын несиелендіру үшін 120 901 000 теңге «Аграрлық Кредиттік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы қаржыландыруда. Бүгінгі күнге 7  ауыл шаруашылығы құрылымдарын 65 970 000 теңгеге өтінім түсіп,  өтінімдері мақұлданып берілді.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізетін ауыл шаруашылығы техникаларының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету үшін «Сергек Блокпост» ақпараттық жүйесіне 36 ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен 36 дана техниканың тізімі енгізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.