A place where you need to follow for what happening in world cup

Төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары сөз болды

127

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 6 қазан күні «Жастар арасында волонтерлық қызметті дамытуға бағытталған мақсаты іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Birgemiz:Saulyq» бағыты аясында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Зілзалалар қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау» басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әшірбайұлы Әкімбаевпен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тақырыбында кездесу өтті.

Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да көбейіп кетті. Мәселен қыс айларында боран, өрт оқиғалары жиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен болатын су тасқыны жиі орны алып жатады, ал жазда дала өрті көп тіркелуде. Көп жағдайда бұл климаттың өзгеруімен және өзге жағдайлармен байланыстырылып жүр.

Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдары жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалды. Төтенше жағдайдың алдың алу мәселесі еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ қолға алынды. Мысалы 1993 жылы Елбасының табиғи және техногендік сипаттағы түрлі апаттардың алын алу және зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулысы шықты.

Онда өнеркәсiп апаттары, табиғи зiлзаладан туындайтын төтенше жағдайларға жол бермеу және олардың зардаптарынан келетiн шығынды азайту мәселелерi мемлекеттiк саясат жүргiзудiң басым саласы деп саналсын, делінген.Бұған қоса Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экономиканың мемлекеттiк секторының экономикалық әлеуетiн сақтау жөнiнде уақтылы шаралар қабылдамағаны үшiн жеке-дара жауап бередi, деп тайға таңба басқандай жазылған. Жалпы аталған қарарда еліміздің төтенше жағдайдағы алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаның жобасын әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн, онда бiрiншi кезекте: республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы ғимараттардың, құрылыстардың, әсiресе мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң, мектептердiң, ауруханалардың, емханалардың, адамдар жаппай келетiн әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердiң және басқа объектiлердiң сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; құтқару қызметiн нығайту, оны керектi адам санымен толықтыру және қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен, шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандыру, сондай-ақ табиғи зiлзала, апат болған кезде халыққа медициналық көмек көрсету туралы баса айталған – деп айтып өтті. Тұрғындар мен жастарға өрт қауіпсіздігі ережелерінеде тоқталып баса назар аударды.

Мақсат Әшірбайұлына дайындалған бірқатар сұрақтар қойылып, сұрақтарға мардымды әрі қанағаттанарлық жауап алдық. Кездесу бейнероликке түсіріліп @taraz_jastary инстаграмм әлеуметтік парақшасына жарияланып 110 қаралым жинады

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.