A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұңғыш Президент күніне орай шығармашылық байқау өтті

171

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Елбасының құрметіне бекітілген бұл мереке Тұңғыш Президентіміздің ел тарихындағы орнын айқындайды. Н. Назарбаевтың қызметіндегі қайырлы істерін айтып, Елбасын дәріптейді. Әлбетте, егемен­дігіміздің алғашқы күнінен бастап ел тыныштығы мен бірлігін сақтауға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер басшы жайында айтылар салмақты ой мен салиқалы пікір жетерлік.

Бұл күнге орай ел көлемінде түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Жамбылдықтар айтулы мерекені тойлауды бастап та кетті.

Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде Тұңғыш Президент күніне орай мекеменің сотталған азаматтары арасында сурет салу және өлең жазу тақырыбында сайыс конкурс өткізілді.

Конкурсқа көптеген сотталған азаматтар қатысып, Б. Керимбеков жеңімпаз атанды. Байқауға қатысқаны үшін аталған сотталған мекеменің бастығы атынан алғысқа ұсынылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.