A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғамдық қабылдау өтті

155

«Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округі, Қарабастау ауылында және Жетітөбе ауылдық округі, Шыңбұлақ ауылында  Бауыржан Момышұлы ауылында, №2 Мыңбұлақ мектебінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті көтеру мақсатында тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдауға Жуалы ауданының «Жуалы адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Қасымғали, «Жаңа-ру» жастар колициясы заңды тұлғалар бірлестігінің менеджері Х.Бакирамаов, ауыл тұрғындары, барлығы 30-ға жуық адам қамтылды.

Шара барысында А.Қасымғали «Жуалы адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыстарымен таныстырып, тұрғындардың жеке сауалдарын қабылдап қана қоймай, кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылатындығын атап өтті.

Шара соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген бірнеше сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды. Сонымен қатар қоғамдық қабылдау қатысушыларына сыбайлас жемқорлық факторларын алдын алуға бағытталған арнайы таратпа материялдар таратылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.