A place where you need to follow for what happening in world cup

Түзеу мекемесінде дінаралық татулық насихатталды

246

Тараз қаласындағы ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар дін өкілдерімен кездесті. Аталған кездесудің басты мақсаты — жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру.

Басқосу барысында дін саласының мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сотталған азаматтарды толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарына жауап берді. Мамандар мұндай кездесулердің тиімділігін және дінаралық татулықтың әрдайым маңызды фактор екендігін жеткізді.

Әрбір азаматтың дін жөнінде мәселесі ескерусіз қалмаған сондай-ақ әрқайсысы толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алған келелі кездесу соңында жазасын өтеушілер осындай жағдай туғызып отырған мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді.

Д.Акимбаев,
ЖД-158/1 мекемесінің тәрбие бөлімі теологиялық бейімдеу тобының аға инспекторы аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.