A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталғандар арасында мәдени іс-шара ұйымдастырылды

452

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесіндегі сотталғандар арасында жаңа оқу жылы қарсаңында жаппай мәдени іс-шара өткізілді. Бұл күні жазасын өтеушілер «мылтықсыз майданның батыры» Шерхан Мұртазаның шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Шараның ашылуында мекеме бастығының орынбасары Әміржан Дәулетқұлов құттықтау сөзімен бастап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

— Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Уақыт бізден үнемі білім алып, кәсіби деңгейімізді дамытып отыруды талап етеді. Сіздерде алда білімнің жаңа шыңдарын игеру мүмкіндігі бар. Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жаңа оқу жылын мағыналы өткізулеріңізге тілектеспін, — деді әділет майоры.

Бұдан кейін, барлық сотталғандар мерекелік іс-шараға белсене қатысып, шерхан Мұртазаның қаламынан туған туындылардан үзінді оқыды, мерекелік суреттер салынды. Іс-шараның ортасында Шерағаң туралы деректі фильм көрсетілді.

Ал аталған іс-шараның басты мақсаты — сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қолдау сондай-ақ жаңа оқу жылында жерлес жазушының туындыларын насихаттау.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.