A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері Шерхан Мұртазаның шығармаларымен жақынырақ танысты

567

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің жеке құрам қызметкерлері облыс орталығындағы заңғар жазушы Шерхан Мұртаза атындағы кітапханаға экскурсия жасады.

Қазақтың тарихында ерекше орны бар дара тұлға, халық жазушысы Шерағаның өмір жолын, қаламгердің қайталанбас туындыларын таныстыру мақсатындағы іс-шараға мекемедегі жас қызметкерлер қатысты. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріп, Барсханның көзі тірісінде басып шығарылған кітаптарымен таныстырды.

— Жаңа оқу жылы қарсаңында қазақ елінің жазушысы Шерхан Мұртазаның кітапханасында ұйымдастырылған іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Осы уақытқа дейін қаламгердің туындыларына қызығушылығым болмаған. Бүгінгі шара барысында сол олқылықтың орны толып, шетел қаламгерлерінің шығармаларын қазақшаға аударған дара таланттың қаламынан туған кітаптарды рет-ретімен оқуды қолға аламыне деген мақсат қойдым. Қысқаша айтқанда, бүгінгі шарада жерлес жазушы туралы көптеген мағлұматтар алдым, — дейді мекеменің жас қызметкерлері.

Еркебұлан Садуанов,
ЖД-158/1 мекемесі кадр бөлімшесінің инспекторы әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.