A place where you need to follow for what happening in world cup

Шығармашылық акция ұйымдастырылды

208

2020 жылдың екінші тоқсанында жоспарға сәйкес ЖД-158/2 мекемесінде сотталған азаматтармен «Мына дүние қандай тамаша», «Менің болашағым»,»Босағаннан кейінгі менің өмірім»,»Менің отбасым»,»Менің мақсаттарым» және т.б. атты тақырыбында (сурет салу және оған әңгіме құрастыру,тақпақтар құрастыру) шығармашылық акциясы ұйымдастырылды. Акция облыста пандемия жариялануына қарсы сотталған азаматтармен тренингтер жеке жеке өткізілді. Конкурстың нәтижесін комиссия мүшелері анықтады,комиссия мүшелеріне: САТӘПЖ бөлімінің бастығы әділет майоры — Ракишев М.,психолог — Кумекова Ж.М., сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің аға инспекторы — Мусаева Д.М қатысып, шешімі шығарылды.Алайда бұл байқау болғандықтан, суретімен және әңгіме құрастырумен ерекшеленген 3 сотталған азамат іріктеп алынды, ерекше көзге түскен сотталғандарға көтермелеуге ұсыныс жасалынып, баянат мекеме бастығының атына жазылып,тіркелді.Мекемеде болған іс-шараның соңында,қатысқан сотталғандар байқаудан алған әсерлерімен бөлісті.

Гүлжан Ибраимова,

ЖД-158/2 мекемесінің САТӘПЖ бөлімінің аға инспектор психологы, әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.