A place where you need to follow for what happening in world cup

Шулық 12 324 оқушы қашықтан білім алуда

159

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты оқушыларды қашықтықтан оқыту қолға алынғаны белгілі. Осыған орай, Шу ауданындағы барлық 47 орта білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту режиміне ауысты.

16 мектепте қолжетімді платформаларда қашықтықтан сабақтар өткізілуде. Оған 12 324 оқушы қамтылды (61%).

Интернетке қолжетімсіз 31 ауылдық елді мекенде оқыту «Балапан» және «Еларна» арналарында теледидар сабақтары арқылы жүргізілуде. Телеарналардағы сабақтарға 7882 оқушы қамтылды (39 %).

Сонымен қатар, ауданда бірқатар мекемелердің жұмысы тоқтатылды. Атап айтқанда, ауданда барлығы 366 мекеме инфекцияға байланысты уақытша жабылды. Оның ішінде: 71- тамақтану орындары (асхана, мейрамхана т.б.), 52- білім мекемелері, 32- діни бірлестіктер, 1- Халыққа қызмет көрсету орталығы, 47- сауда үйлері, 3- базар, 5- спорт нысаны, 17- өндіріс орындары, 2- авто және темір жол вокзалы, басқалар-137 (қонақ үй, ТЖО, т.б.).

Ауданда бүгінгі күнге 4-кафе, 6-асхана және 20-азық-түлік емес дүкендері тапсырыс алу, тапсырыс берушіге жеткізу жүйесі бойынша онлайн түрде жұмыс жасауда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.